Журнал туралы

«Eurasian Journal of Entrepreneurship» журналы 2015 жылы құрылды. 2025 жылдан бастап журнал жарияланымның электронды форматына көшті. Журналдың құрылтайшысы және баспагері – «Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) білім беру мекемесі.

2015-2025 жылдары журнал «Eurasian Journal of Leadership» деген атпен жарық көрді. 2025 жылдың шілде айынан бастап журнал ребрендингтен өтіп, атауы «Eurasian Journal of Entrepreneurship» болып өзгертілді.

Журналда нөмірдің бекітілген шығу деректері, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы куәлігі, халықаралық ISSN, eISSN сериялық нөмірлері, редакция алқасының құрамы, редакциялық саясаты, жариялау этикасы және веб-сайты бар.

«Eurasian Journal of Entrepreneurship» журналы ашық қолжетімді, ғылыми рецензияланатын мерзімді баспа басылымы болып табылады. Халықаралық қамтуды қамтамасыз ету үшін журнал қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі мақалаларды қабылдайды.

«Eurasian Journal of Entrepreneurship» журналы жылына 4 рет келесі белгіленген мерзімдерде шығарылады: бірінші нөмір 20 наурызға дейін, екінші нөмір – 20 маусымға дейін, үшінші нөмір – 20 қыркүйекке дейін, және төртінші нөмір 20 желтоқсанға дейін.

«Eurasian Journal of Entrepreneurship» журналы ақпараттық ашықтық және жарияланымдардың қолжетімділігі саясатын ұстанады. Мақалалар журналдың веб-сайтында толық мәтіндік қолжетімділікпен орналастырылады.

Журналдың мақсаты мен миссиясы

Eurasian Journal of Entrepreneurship (EjEnt) — экономика және бизнес басқару саласындағы түпнұсқа зерттеулерді, теориялық мақалаларды, шолуларды және практикаға бағытталған материалдарды жариялайтын рецензияланатын ғылыми басылым, пәнаралық тәсілдерге баса назар аударады. Еуразия аумағындағы бизнес, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару, білім беру және азаматтық қоғам мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Журналдың мақсаты – экономика және бизнес саласындағы докторанттар мен ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін тарату, сондай-ақ осы салалардағы үрдістер мен болжамдарды талқылау үшін кәсіби алаң құру.

Журналдың миссиясы – көшбасшылық пен басқару ғылымының дамуын қолдау, академиялық қауымдастық пен практиктер арасында білім алмасуға ықпал ету, сондай-ақ қолданбалы маңызы бар сапалы зерттеулерді ілгерілету.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

Журнал келесі бағыттар бойынша мақалаларды қабылдайды:

  • Кәсіпорын экономикасы
  • Ұйым менеджменті
  • Маркетинг
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Кәсіпкерлік және бизнес саласындағы мемлекеттік басқару және саясат.

Журнал ғылыми зерттеулерде пәнаралық тәсілді ұстанады, бұл әртүрлі ғылыми салалар тоғысында ғылыми нәтижелерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Жарияланатын материалдар түрлері:

  • Түпнұсқа ғылыми және қолданбалы зерттеулер
  • Теориялық және концептуалды мақалалар
  • Аналитикалық шолулар және мета-талдаулар
  • Кейстер және бизнес-тәжірибелер
  • Бизнес көшбасшыларымен және сарапшылармен сұхбат нәтижелері