УНИВЕРСИТЕТТІҢ PR ҚЫЗМЕТІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.63881/ejent2026v2i1a2Кілт сөздер:
digital коммуникациялар, PR қызмет, университет, цифрлық орта, беделАңдатпа
Білім беру саласының цифрландырылуы жағдайында цифрлық коммуникациялар университеттердің PR-қызметінің маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Мақалада Қазақстан Республикасының техникалық университеттеріндегі PR-қызмет жүйесіндегі digital-коммуникациялардың рөлі талданады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық ортада PR-дың негізгі функцияларының жүзеге асу деңгейін анықтау және олардың нормативтік PR-модельге сәйкестігін бағалау. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде алты техникалық университеттің ресми сайттары мен цифрлық платформаларына жүргізілген құрылымдалған контент-талдау қолданылды. Талдау функционалдық тәсілге (ақпараттық, диалогтық, сервистік және репутациялық функциялар) негізделді. Нәтижелер ақпараттық және репутациялық функциялардың неғұрлым жүйелі түрде жүзеге асырылатынын, ал диалогтық және сервистік тетіктердің жеткілікті деңгейде интеграцияланбағанын көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы digital-коммуникацияларды университеттің PR-қызметінің жүйелік элементі ретінде қарастыруында және оларды өлшенетін критерийлер негізінде бағалауында көрініс табады. Практикалық маңызы – жоғары оқу орындарының digital-PR стратегияларын жетілдіруде алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігі.