ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ САЛЫҚТЫҚ БЕЙТАРАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ШЕКТЕУЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.63881/ejent2026v2i2a7Кілт сөздер:
иисламдық қаржыландыру, салықтық бейтараптылық, нормативтік-құқықтық кедергілер, «Астана» халықаралық қаржы орталығыАңдатпа
Зерттеу Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы секторының институционалдық дамуын шектейтін жүйелі факторларды талдауға арналған. Қаржы нарықтарының жаһандық трансформациясы жағдайында қаржыландырудың этикалық модельдерін бейімдеу ұлттық экономиканы әртараптандырудың стратегиялық басымдығына айналуда.
Жұмыстың мақсаты — исламдық қаржы құралдарын кеңейтуге (масштабтауға) кедергі келтіретін құрылымдық детерминанттар мен нормативтік-құқықтық кедергілерді анықтау. Зерттеудің негізгі идеясы «АХҚО құқықтық анклавы» моделінен ұлттық заңнаманы AAOIFI және IFSB халықаралық стандарттарымен үйлестіруге көшу қажеттілігінде жатыр. Ғылыми маңыздылығы зайырлы құқық жағдайында салықтық бейтараптық тұжырымдамасын кешенді деконструкциялауда. Жұмыстың практикалық құндылығы ислам банктерінің бәсекеге қабілеттілігін шектейтін фискалдық аномалияларды жою бойынша қолданбалы ұсыныстарды әзірлеуден тұрады.
Зерттеудің әдістемелік негізін Қазақстан, БӘӘ (DIFC) және Ұлыбритания юрисдикцияларын салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ 2020–2025 жж. кезеңіндегі ислам банктері активтерінің динамикасына статистикалық мониторинг құрады. Салықтық әкімшілендіру мен кадастрлық тіркеуді зерделеуге жүйелі тәсіл қолданылды.
Негізгі кедергілер ретінде ҚҚС-тың кумулятивтік әсері (2026 жылы 16%-ға жетті), сауда үстемелерін қайта саралау қаупі және активтерді «транзиттік иелену» мәртебесінің болмауы анықталды. ҚР Салық кодексіне «баламалы қаржылық табыс» дефинициясын енгізу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Жұмыстың исламдық қаржы саласына қосқан үлесі екі юрисдикцияның түйіскен жеріндегі «құқықтық үйкеліс» (legal friction) тұжырымдамасын негіздеуден және АХҚО құралдарын «материктік» экономикаға кедергісіз (бесшовный) интеграциялау тетіктерін ұсынудан тұрады. Жұмыс нәтижелерін ҚР Парламенті мен реттеуші органдар (ҚНРДА, ҚР ҰБ) заңнаманы реформалау үшін пайдалана алады, бұл исламдық активтер үлесінің өсуін және кәсіпкерлік субъектілері үшін шығындардың азаюын қамтамасыз етеді