««ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН SPACE-ТАЛДАУ

Авторлар

  • A. Кожахметова Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3077-2023
  • E. Садықов Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.63881/ejent2026v2i2a3

Кілт сөздер:

SPACE-талдау, өндірістік қуаттарды жаңғырту, Қазатомөнеркәсіп, уран өнеркәсібі, стратегиялық басқару.

Аңдатпа

Қазіргі жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында уран өнеркәсібінің стратегиялық маңызы артып келеді, ал Қазақстанның әлемдік уран нарығындағы жетекші орны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қуаттарының тұрақтылығы мен жаңғыртылуына тікелей байланысты. Зерттеудің мақсаты – SPACE-талдау негізінде компанияның өндірістік қуаттарын жаңғыртудың стратегиялық бағыттарын анықтау. Мақалада өндірістік көрсеткіштер, қаржылық тұрақтылық, бәсекелік артықшылықтар, салалық жағдай және нарықтық позиция кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу әдістемесі екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде 2022-2024 жылдардағы өндірістік және операциялық көрсеткіштер талданды, екінші кезеңде SPACE-талдау әдісі қолданылып, компанияның стратегиялық позициясы анықталды. Зерттеу нәтижелері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаржылық күші, төмен қарыз жүктемесі, ISR технологиясына негізделген өндірістік артықшылықтары және әлемдік уран нарығындағы орны компанияны агрессивті өсу квадрантына орналастыратынын көрсетті. Алайда бұл стратегия шексіз өндірістік кеңею ретінде емес, тәуекелмен шектелген және селективті жаңғырту бағыты ретінде қарастырылуы тиіс. Зерттеудің ғылыми құндылығы өндірістік қуаттарды жаңғыртуды тек техникалық мәселе емес, компанияның стратегиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін басқарушылық құрал ретінде негіздеуінде. Практикалық маңызы – нәтижелерді өндірістік мониторингті цифрландыру, реагент саясатын оңтайландыру, экспортты әртараптандыру және экологиялық тұрақтылықты арттыруда қолдануға болады.

Кілт сөздер: SPACE-талдау, өндірістік қуаттарды жаңғырту, Қазатомөнеркәсіп, уран өнеркәсібі, стратегиялық басқару.

 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-06-25

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар