ІЛГЕРІЛЕТУДІҢ ЦИФРЛЫҚ АРНАЛАРЫ ЖӘНЕ ФИТНЕС-АБОНЕМЕНТ САТЫП АЛУ НИЕТІ

Авторлар

  • Д.Е. Жетпіс Алматы Менеджмент Университет, Алматы, Қазақстан
  • Л.Р. Еспергенова Алматы Менеджмент Университет, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-4936-5739

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.63881/ejent2026v2i2a5

Кілт сөздер:

цифрлық маркетинг, фитнес-индустрия, сатып алу ниеті, инфлюенсер маркетинг, тұтынушы сенімі, пайдаланушы пікірлері, әлеуметтік желілер, тұтынушы мінез құлқы

Аңдатпа

Фитнес-индустриясының коммуникацияларын цифрландыру абонемент
сатып алу туралы шешімді негізінен офлайн таңдаудан әлеуметтік желілер, пікірлер,
инфлюенсер-маркетинг және іздеу қызметтері арқылы жанама түрде жүзеге асырылатын көп
сатылы үдеріске айналдырды. Зерттеудің мақсаты — қандай цифрлық арналар мен контент
түрлері қазақстандық тұтынушылардың фитнес-клубқа абонемент сатып алу ниетімен ең көп
байланысты екенін және ақпарат көзіне сенімнің бұл үдерісте қалай делдалдық рөл
атқаратынын эмпирикалық бағалау. Негізінен Алматы қаласына қатысты 77 респонденттен
алынған сауалнама нәтижелері негізінде корреляциялық, регрессиялық талдау және ашық
сұрақтарды тақырыптық талдау жүргізілді. Ниет шкаласының ішкі келісімділігі жоғары (α =
0,959). Нәтижелер ниетпен ең күшті байланыс ең «дауысты» арналармен (Instagram, TikTok,
таргетингтік жарнама) емес, тәуелсіз тексеру арналарымен — ресми сайттармен (r = 0,634),
46
Eurasian Journal of Entrepreneurship, Vol. 2. No. 2, 2026 ISSN 3106-1524, eISSN 3106-1516
2GIS/Google Maps карточкаларымен (r = 0,562) және пайдаланушылардың пікірлерімен (r =
0,519) — қалыптасатынын көрсетеді. Көп өлшемді регрессия ниеттегі дисперсияның 52%-ын
түсіндіреді; ең тұрақты предиктор — аудиторияның блогердің шынайы ұсынысын ақылы
интеграциядан ажырату қабілеті (β = 0,295; p = 0,024). Жұмыста «қабылданатын цифрлық
сенімділік» концептуалдық моделі ұсынылған. Зерттеудің ғылыми құндылығы бір іріктеме
шеңберінде жеті арнаны эмпирикалық салыстыруда және арналардың ниетпен байланысын
делдалдайтын жасырын конструктті ресімдеуде. Тәжірибелік маңызы: Қазақстан фитнес
клубтарына жарнамалық байланыстар санынан репутациялық инфрақұрылымның сапасына
— бағалардың ашықтығына, пікірлердің көптігіне, визуалдың шынайылығына және
коммуникацияның айқындығына — назар аударуды ұсынады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-06-25

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар