Ашық қолжетімділік саясаты және мұрағаттау
Журнал ақпараттық ашықтық және жарияланымдардың қолжетімділігі саясатын ұстанады және өзінің мазмұнына журналдың веб-сайтында ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Будапешттік ашық қолжетімділік бастамасына» сәйкес, «ашық қолжетімділік мақаланың Интернетте еркін қолжетімді болуын білдіреді, бұл кез келген пайдаланушыға осы мақалалардың толық мәтіндерін оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға, басып шығаруға, іздеуге немесе сілтеме жасауға, сондай-ақ оларды Интернетке кіруден ажырамайтын кедергілерден басқа, кез келген заңды мақсаттарда қаржылық, заңды немесе техникалық кедергілерсіз пайдалануға мүмкіндік береді».
Журналдың барлық шығарылымдары журналдың веб-сайтында толық мәтіндік қолжетімділікпен орналастырылған. Бұл жаһандық ғылыми қоғамдастықта журнал мақалаларына кеңірек ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Журналдың барлық мақалалары электронды түрде тегін таратылады.
Оқырмандар материалдарды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға, мәтіндерді бейімдеуге және түрлендіруге, Creative Commons Attribution CC-BY-NC 4.0 лицензиясына сәйкес мазмұнды пайдалануға болады. Бұл ретте жалғыз шарт сақталуы тиіс — дереккөзді және авторлықты көрсету: мақалалардың шығу деректерін көрсету, дереккөзге сілтеме беру, сондай-ақ енгізілген өзгерістерді көрсету қажет.
Оқырмандар жарияланған мақаланың материалдарын басқа жарияланымдарды, соның ішінде кітаптарды, оқу және оқу-әдістемелік басылымдарды дайындау кезінде пайдалана алады; ғылыми, білім беру және өзге де мақсаттарда мақаланың баспа немесе электронды көшірмелерін пайдалана алады, соның ішінде ғылыми зерттеулерді ілгерілету және т.б. үшін студенттер мен әріптестер арасында мақаланы тарата алады.