Рецензиялау процесі

Журнал редакциясына келіп түскен және ресімдеудің формалды талаптарына, түпнұсқалық дәрежесіне сәйкес келетін мақалалар міндетті түрде рецензиялаудан өтеді. Рецензиялау екі жақты соқыр рецензиялау (double-blind peer review) әдісімен жүргізіледі. Қос рецензиялау құпия түрде жүргізіледі, авторға рецензенттің аты, ал рецензентке – мақала авторының аты хабарланбайды.

Журнал редакторы мақаланы журнал профиліне сәйкестігін бастапқы бағалауды жүргізеді. Рецензенттер жұмыс тақырыбына сәйкес келетін академиялық және ғылыми дәрежесі мен сараптама деңгейі бойынша таңдалады. Рецензиялау мерзімі 6 аптаға дейін созылады.

Рецензенттерге оларға рецензиялауға ұсынылған мақала автор(лар)дың зияткерлік меншігі болып табылатыны және жариялауға жатпайтын мәліметтерге жататыны туралы хабарланады.

Егер мақала авторының (авторларының) басқа ғалым(дар)мен мүдделер қақтығысы болса, ол(олар) осы мақаланы көрсетілген рецензентке жіберуді және мақаланы объективті емес бағалауды болдырмау үшін электронды хатта осындай мүдделер қақтығысының бар екенін көрсетуге міндетті.

Мақаланы бағалау нәтижесінде рецензент келесі шешімді қабылдайды:

  1. мақаланы жариялауға ұсыну;
  2. ескертулерді ескере отырып, мақаланы пысықтағаннан кейін жариялауға ұсыну;
  3. мақаланы қабылдамауды ұсыну.

Редактор бағалау нәтижелерін рецензенттердің деректерін көрсетпей авторға жібереді. Егер рецензияда мақаланы түзету және пысықтау бойынша ұсыныстар болса, журнал редакциясы мақала авторына рецензия мәтінін жаңа нұсқаны дайындау кезінде осы ұсыныстарды ескеруді немесе оларды дәлелді түрде (ішінара немесе толығымен) жоққа шығаруды ұсына отырып жібереді.

Автор(лар) ескертулерді түзетуден, мақалаға өзгерістер енгізуден және оны журнал редакциясына қайта жіберуден бас тарта алады. Егер автор рецензенттің жауабы жіберілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мақаланың пысықталған нұсқасын ұсынбаса, редакция мақаланы есептен шығарады.

Автор пысықтаған мақала қайта рецензиялауға жіберіледі.

Екі рецензенттен және жауапты редактордан оң қорытындысы бар мақалалар оларды жариялауға қабылдау кезегіне сәйкес журналда жариялауға ұсынылады.

Егер рецензенттердің бірі оң қорытынды берсе, ал екіншісі – теріс қорытынды берсе, онда мақала редактормен мақала тақырыбы бойынша маман болып табылатын және мүдделер қақтығысы жоқ үшінші рецензентке жіберіледі.

Үшінші рецензент немесе редакция алқасының мүшесі оң қорытынды берген жағдайда мақала жариялауға ұсынылады.

Редакция алқасы өзі қабылдаған шешімдер бойынша авторлармен пікірталасқа түспейді.